Дариян және Рубежин ауылдық округі әкіміне үміткерлер таныстырылды

Дариян және Рубежин ауылдық округі әкіміне үміткерлер таныстырылды

2020 жылғы 10 шілдеде аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес Дариян және Рубежин ауылдық округінің әкіміне үміткерлерді жергілікті қауымдастық өкілдеріне таныстырды. Округ әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлердің еңбек жолына тоқталған ол талапқа сай округ тұрғындары да өз кандидаттарын ұсына алатынын ескертті.

Кездесуде жергілікті қауымдастық өкілдері қолдайтын кандидаттары туралы пікір білдіріп, мәслихат депутаттарына ұсыныс жасады. Аталмыш округ әкімдерін сайлау 2020 жылғы 7 тамызға белгіленген. Енді әр кандидат өз жоспарларын мәслихат депутаттары алдында қорғайтын болады.