2024 жылдың 21 маусым күні Достық ауылдық округіне қарасты Чувашин ауылында мәдениет саласы қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтті.

2024 жылдың 21 маусым күні Достық ауылдық округіне қарасты Чувашин ауылында мәдениет саласы қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтті.
2024 жылдың 21 маусым күні Достық ауылдық округіне қарасты Чувашин ауылында мәдениет саласы қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтті. Ауданымыздың 85 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл сайысқа тоғыз команда қатысты. Айта кету керек, бұл командалар сапында 29 ауылдан келген мәдениет саласы қызметкерлері болды.
Спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен сайысқа қатысушылар 8 ойын түрінен сынға түсті.
Барлық команда жақсы дайындықпен келгені бірден білінді. Жарыстар тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жамбы атудан ерлер арасында чировтық Асылбек Ажиев топжарды. Бесасықтан мичуриндық Олимпиада Жақыпова бас жүлде алса, ерлер арасында асық атудан үлкеншағандық Артур Мерғалиев үздік болды. Дойбыдан махамбеттік Агиля Абдрахманова жеңімпаз атанса, арқан тартыста аудандық мәдениет үйі командасына тең келер ешкім болған жоқ. Шахмат ойынында 1-орынды зеленыйлық Анатолий Калоша иемденсе, жағажай волейболында "Жалын" командасы мықытылғын көрсетсе, шағын футболдан "Тауасар" командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Сөйтіп жалпыкомандалық есеп бойынша Озерный, Рубежин, Красноармейск, Январцев ауылдарынан келген мәдениет саласыны қызметкерлерінің "Искры" командасы бірінші орынды иемденді. Екінші орын аудандық мәдениет үйінің командасына бұйырса, қола медальді Мичурин, Асан, Достық, Чувашин, Байқоныс, Володар ауылдары өкілдерінен құралған "Жалын" командасы алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және естелік сыйлықтар табысталды.