Қадыр орталығының өнерпаздары берекесі келіскен, өрістен малы кетпеген, егінімен ел тірегіне, ақ нанымен ардақты елге айналған Бәйтерек еліне де ат басын тіреді.
Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақтың Қадыры» атты деректі фильмі көрсетілді.
Бұл өнерсапарында Қадыр ақынның қарындасы Мырзалиева Күләш Ғиниятқызы қатысты.
«Қадыр – қазына» жобасы аясындағы концерттік бағдарламада Қадыр орталығы жақында ғана «Қадыр жыры – халық үні» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының Бас жүлде иегері Нұршат Исламғалиев Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Балалықсыз балалық», «Соңғы сәт» өлеңдерін ел арасына кең тараған халық мақамына салып орындады.
Қадыр – қазына жобасы аясындағы «Бұлбұл бағы» атты облыстық сазгерлер байқауында жеңімпаз атанған Бас жүлде иегері, әннің авторы, талантты композитор - Ербол Ақбасов «Өмір» деп аталатын әнін тарту етті.
Концерттік бағдарлама барысында ақындардың айтысы да орын алды.
Сахнада ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Айнабек Бисенғалиев пен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» мүшесі, республикалық, облыстық айтыстардың жүлдегері Орынбек Меңдіқұл өнер көрсетті.
Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Асланбек Қуаналиевтің орындауында «Кездер-ай», «Өмірің өз қолыңда», Рустам Хафизовтың орындауында «Тамаша», «Тамды ару» , Алтынбек Базаровтың орындауында «Ғашық күндер», «Егер де мен өзіңе жолықпасам» әндері көрермен назарына ұсынылды.
Шара соңында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжановтың атынан Қадыр орталығына алғыс хат пен ықылас гүлі табысталды.
Бәйтерек ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Дүзбатыров Нұржан Тоғызбайұлы сөз сөйлеп, өз ілтипатын білдірді.
Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының м.а. Камалова Жамиға Бергенғалиқызы Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжановқа Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры С.Тоқмамбетовтың атынан алғыс хат табыстап, сөз легінде ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық тарту етті.