Қызмет алушылар күні өткізілді.

Қызмет алушылар күні өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында а.ж. 18 маусым күні Дариян ауылында «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды. Аталған шарада Бәйтерек ауданы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы мемлекеттік инженер инспекторы В. Б. Панасенко ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталып, қызмет алушыларға ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу, есепке алу және мемлекеттік қолдаулар туралы толық ақпарат берген болатын. Шарада аталған салада қызмет берушілер халықтың нысаналы топтарын түсіндіру іс-шараларымен қамтып, оның барысында қызмет алушылардың проблемалық мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.