Ардақты ақ халатты абзал жандар, құрметті ардагер дәрігерлер!

Ардақты ақ халатты абзал жандар, құрметті ардагер дәрігерлер!
Ардақты ақ халатты абзал жандар, құрметті ардагер дәрігерлер! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ерлік – ел қорғау ғана емес, сол елде өмір сүретін әр азамат өмірі үшін аянбай әрекет ету!
Дені сау адам – қоғамның байлығы. Сондықтан кез келген мемлекет азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды алдыңғы қатарға қояды. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы мен нақты міндеттері аясында медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді.
Ардақты дәрігерлер! Әлемде қанша мамандық болса, олардың әрқайсысының адам өмірінде өз маңызы бар. Денсаулық қорғаны, халық жанының сақшысы, мейірім мен ізгілік жаршысы атанған өздеріңіздей абзал жандандардың еңбегін әрқашан ерекше бағалаймыз!
Кәсіби мерекеде барлығыңызға мұқалмас ерік-жігер, қайтпас қайсарлық пен батылдық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін.
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов