Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам.
Ендеше қасиетті мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа мерейлі шаттық пен құт-береке тілеймін!