Бәйтерек ауданы мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығы аясында Қадыр орталығының амфитеатр сахнасында "Ауыл - атамекен пернесі" концерттік бағдарламасын ұсынды.
Концерттің шымылдығын "Серілер" квинтеті "Атамекен" әнімен ашты.
Сондай-ақ, "Сыған серенадасы","Тамды аруы","Жездеке", "Кездер-ай" сынды бірқатар туындылар "Ғасыр бэнд" вокалды аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен орындалды.
"Шың"-сазды-драма театры үйірмесінің тәлімгерлері поэтикалық композициясын қойып өз өнерлерін ел назарына ұсынды. Дархан Мақсатов "Жоқ, өлмеймін" өленің оқып кештің шырайын ашты.
Кеш көрермендері Қадір Мырза Әлидің сөзіне жазылған әндерді әншілермен бірге шырқап қошемет етіп отырды .
Кеш соңында Бәйтерек ауданының әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы сөз сөйлеп аудан өнерпаздарына алғысын білдірді .