31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бастап аталып өтіліп келеді.

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бастап аталып өтіліп келеді.
Жазықсыз жала жабылған саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылықтан қаза тапқан жандарды еске алу мақсатында "Заманнан зауал көрген зиялылар»атты көрмесі жасақталып, балаларға таныстырылды.
Бұл көрмеде қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріліп өтті.
Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес одағы құрамында болған барлық халық пен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров, Ақжайық елінің ағайындылары Халел , Жаһанша Досмұхамбетовтер, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды. Көрмедегі ұсынылған осы басылымдар : Т. Юповтың «Ұмытпа,ұлылардың ұрпағысың», Г. Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары», Х.Досмұхамбедұлының «Таңдамалы», Ж. Ақбайдың «Жанша» т.б . кітаптары оқырмандарға оқуға ұсынылды.
Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.