Әр отбасындағы әкенің орны ерекше. Әке отбасының тірегі, қамқоршысы. Бала тәрбиесіндегі әке орнын салмақтау, әкенің мәртебесін көтеруді мақсат еткен мереке қарсаңында Орталық балалар кітапханасында Қ.Аманжолов мектепшілік «Балдәурен» жазғы демалыс лагері демалушыларына «Әкешім бәйтерегім» атты әдеби поэзиялық ертеңгілігі оздырылды.
Шара барысында кітапхана қызметкері Козинова Аягүл Қазбекқызы отбасындағы әкенің орны мен жауапкершілігі, әкені сыйлау туралы ақпараттар беріп өтті. Әрі қарай кітапханашы Оразақын Асқардың «Әке мен бала» өлеңін балалар назарына мәнерлеп оқып берді. Шарада Қажғалиев Санжар,Өтегенов Рамазан, Амангелді Айтотым белсенділік танытып, сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өз әкелерін мақтан тұтып, олардың ізгі қасиеттерімен бөлісті.
Сонан соң барлық әкелердің құрметіне арнап Нұрлан Әбдісәләм қарындасы Айзеремен Нұржан Шөмекейдің әні мен сөзіне жазылған «Әкеге алғыс» әнін орындады.
Әке ер баланың досы ақылшысы, қыз баланың қамқоршысы екені мәлім. Әріқарай Зайдолла Әлихан мен Тұрарбек Гүлназ Өтепберген Ақыпбекұлының «Менің әкем», Наргүл Қайыржанның «Әкеме» өлеңдерін жатқа айтып берді.
Шара соңында балалар Дулат Құйқастың «Менің әкем ең жақсы адам» әнін караокемен шырқап, көтеріңкі көңіл - күймен тарқасты.