Бүгін Аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2023 жылы үкімет жобасында бекітілген әкелер мерекесіне орай "Үздік әке - 2024" аудандық зияткерлік сайысы өтті.

Бүгін Аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2023 жылы үкімет жобасында бекітілген әкелер мерекесіне орай "Үздік әке - 2024" аудандық зияткерлік сайысы өтті.
Сайысқа түрлі салада қызмет етіп жүрген әкелер қатысып бақ сынасты.Сайыс бойынша төрт кезең қамтылды.Алғашқы кезеңде әкелер өздерін таныстырса ,екінші кезеңде төрт түрлі бағыттағы ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап берді.Келесі кезеңдерде ситуациялық жағдаяттар айдары бойынша әр әке сұрақтарға өз ойлары арқылы ұтымды жауап беріп ,тапқырлық танытты. Төртінші кезеңде өлең шумақтары түрінде оқылған әндер жасырылды.Аталған сайыстың ерекше бір бөлімінде әкелердің тек білімдерін ғана бағалап қоймай ,батылдығын тексеру мақсатында аквариумдағы тіршілік иесін жабылған көзбен қолымен анықтау тапсырылды.Шараның қорытындылай келе,ұпай сандары бойынша алға суырылып шығып "Үздік әке" номинациясымен Қайнар ауылы Қасым Қайсен атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі,үш ұлдың әкесі Ерлан Сатов марапатталды. Мичурин ауылы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейіргері,екі ұлдың әкесі Ерлан Орынбаев "Креативті әке", Егіндібұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі,екі қыздың әкесі Сидагалиев Айболат "Тапқыр әке"
, Переметный ауылы мәдениет үйі әншісі , төрт қыздың әкесі Гизатов Аслан "Өнегелі әке",
Переметный ауылы мәдениет үйі әншісі , үш қыздың әкесі Жеңіс Қасымов "Белсенді әке" номинацияларына ие болды.Шара соңында Аудандық мәдени-демалыс орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл Намазова сөз алып ,қатысушыларға алғысын білдіріп ,дипломмен естелік сыйлықтар табыстады.