
Жыл сайынғы дәстүрге сай салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортты дамыту мақсатында ауданда
“Бәйтерек барысы 2024” турнирінің іріктеу кезеңі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, Бәйтерек ауданы “Қазақ Күресі Федерациясы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Хайруллин қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Додада 25 палуан бақ сынады.(90кг дейін “Өгіз Палуан” және +90 кг жоғары салмақ “Түйе Палуан”) жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
90 кг дейін “Өгіз Палуан”
🥇- орын Жолдасов Расул (Переметное а.о лақап аты Самбис)
🥈- орын Русланов Эльдар (Мичурин а.о лақап аты Асан)
🥉- орын Қадыров Мұхитбек (Достық а.о лақап аты Тана)
+90 кг жоғары “Түйе Палуан”
🥇- орын Мусағалиев Ерлан (Дариян а.о лақап аты Жақсыбай)
🥈- орын Ақболатов Сұлтан (Достық а.о лақап аты Беріш)
🥉- орын Калимулла Әділ (Байқоныс а.о лақап аты Байқоныс барысы).