2024 жылдың 7 маусым күні «Алтын орда» мәдениет үйінде Бәйтерек ауданының құрылғанына 85 жыл және «Шың» сазды-драма театрының 5 жылдық мерейтойына арналған Айзат Рақыштың «Тегімді менің сұрама» эксперименталды драмасы сахналанды.

Режиссері – Әлішер Тұрарбеков
Театр жетекшісі – Әліби Жанәбілов
«Шың» сазды-драма театры
Бәйтерек аудандық мәдениет үйі жанынан «Шың» сазды-драма театры 2019 жылы құрылды. Алғаш театр Әліби Жанәбіловтің авторлық «Жалғанған үміт» драма трагедиялық шығармасын сахналады.
Репертуарлары:
И.Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?», Ә.Жанәбілов «Жалғанған үміт», «Жаңғырық», «Перзентхана»​, «Періште Ғұмыр», А.Шаяхмет «Рух», К.Болғанбаев «Шаңырақ», қазақ ертегілері желісімен «Алдар көсенің хикаялары»​, композициялық қойылымдары: Ә.Жанәбілов «Алтын дән», «Елес», «Болмыс», «Қасқыр адам», «Кек», «Қиял», «Ақ пен қара», «Жібер», «Нион», «Жүрек жылуы», «Тіл-тұтастық туы», «Түнгі мұң», «Анаға деген сағыныш», «Оятшы мені, Көкқұтаным», «Сағым», «Аударыспақ».
Жетістіктері:
- Облыстық «Театр - ғажайып әлемі» оқушылар арасындағы қойылым байқауы, Бас жүлде (Орал қаласы)
- Республикалық «Театр - ғажайып әлемі» оқушылар арасындағы қойылым байқауы, «Көрермен көзайымы» аталымы (Атырау қаласы)
- Халықаралық «Манящие лики гор» байқау фестивалі, II орын (Атырау қаласы)
- «Bravo show» өнер байқауы, Гран-при иегері (Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы)