2024 жылдың 1-3 маусым күндері Жезқазған қаласында халық шығармашылығының республикалық XXXII дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі аясында ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, сазгер Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сарыарқа саңлақтары» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтіп жатыр. Екі кезеңнен тұратын республикалық байқаудың бірінші кезеңінде 22 қатысушы өнер көрсетіп, екінші кезеңге тек 13 қатысушы өтті. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Бәйтерек аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Кеңесары Болғанбаев "Дипломант" атанды.