1 маусым – "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай «Балаларға базарлық» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Мерекелік концертте "Қазына" би ансамблі , "Балалар музыка мектебінің" оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, би биледі.
Сонымен қатар балалар сурет салып, еркін шығармашылықпен айналысты және ойындарға белсене қатысқаны үшін түрлі сыйлықтарға ие болды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара барысында балаларға арналған ойын алаңы (батут) қызмет көрсетті.
Шара соңында балаларға ойыншықтар тарту етіліп ,балмұздақ және тәттілер таратылып ,мультфильм көрсетілімімен жалғасын тапты.