Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Дариян, Рубежин  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды

Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Дариян, Рубежин   ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды

2024 жылдың 29 мамыр күні Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясында Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай отырыс өткізілді. Комиссия отырысында Құрманғазы, Дариян, Рубежин сайлау округтерін құру туралы және  Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы комиссия шешімдері қабылданды. Ауылдық округтер әкімдерін сайлауын тағайындау шешіміне сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

2024 жылдың 30 мамыры мен 11 маусым сағат 18.00-де аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдайды, сонымен қатар кандидаттарды тіркеуі ағымдағы жылдың 16 маусым сағат 18.00-де аяқталады.

2024 жылдың 16 маусым сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2024 жылғы 6 шілдеде  00.00 сағатта аяқталады.

Бұл сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді 6 сайлау учаскесі жүзеге асырады: Құрманғазы ауылдық округінде – 2, Дариян ауылдық округінде – 3, Рубежин ауылдық округ бойынша – 1.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы