Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

2020 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, аудан әкімі Марат Тоқжановтың 2020 жылғы 26 маусымдағы №114 өкімімен Молдағалиев Қонысбай Закариұлы Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев округ активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Молдағалиев Қонысбай Закариұлы 1961 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары

1984 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1984-1989 ж.ж. Жосалы ауылы, Жымпиты ауданы №2 бөлім зоотехнигі, №3 бөлімнің басшысы;

1989-1990 ж.ж. Жымпиты аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;

1990-1991 ж.ж. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалау және талдау жөніндегі комиссияның кеңесшісі;

1991-1992 ж.ж. Жымпиты аудандық агроөнеркәсіп бөлімінің бас зоотехнигі;

1992-2003 ж.ж. Орал облыстық статистика және талдау басқармасы, Жымпиты-Сырым аудандық статистика бөлімінің бастығы;

2003-2019 ж.ж. БҚО Сырым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;

2019 жыл «Гаумертекс» ЖШС дәрілік препараттармен жабдықтаушы;

26.06.2020 ж. Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;