«Мерейлі отбасы-2024»

«Мерейлі отбасы-2024»

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 маусым- 1 шілде аралығы), екінші – облыстық кезең (республикалық) (3 шілде- 17 шілде аралығы).

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық комиссия 2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейінгі аралықта қабылдайды. Анықтама телефоны: 8 (71130)23-360. Бәйтерек ауданы, Гагарин көшесі 139, «Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ.