Құрметті жерлестер!
1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. Биыл бұл мерекені ерекше жағдайда қарсылап отырмыз, себебі елдегі ахуал күрделі. Ел Президенті жарлығымен бірқатар өңірлерде са тасқынынан төтенше жағдай жарияланып, біраз үйді топан су басты. Шаңырақтарынан айырылған бауырларымызды қолдау мақсатында Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық ауқымды шаралардан бас тарту қажет екенін мәлімдеген болатын.
Бәйтерек ауданы - көп ұлтты аудандардың бірі. Барша ұлт өкілдері татулықты ту етіп, бір құтты шаңырақтың астында бір атаның балаларындай араласып, біте қайнасып өмір сүріп жатыр. Өзге ұлт өкілдерінің ішінде мемлекеттік қызметті, депутаттықты, кәсіпкерлікті, басқа да жауапты қызметтерді атқарып жүрген жандар жетерлік. Бұл халықтың бірлігін айқындайды. Біздің бірлігіміз осындай мерекелерде ғана емес, өмірдің кез-келген жағдайында көрінуі тиіс. Қарапайым мысал, кешегі өткен су тасқынына қарсы шаралар. Барашамызды ұйыстырып, ұлтымызға, тілімізге, дінімізге қарамай бірігу керек екенін дәлелдеді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!