Бәйтерек ауданында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды.
Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген адамдар үшін Переметный ауылдық округі, Гагарина 82А мекен-жайында арнайы бекет ашылды.
Бекет - көмек қолын созамын деуші тұрғындар үшін сағат 09:00-18:00 аралығына дейін ашық болады.

Гуманитарлық көмек болуы керек:
-киім-кешек;
-гигиеналық заттар;
-жөргек-жайлықтар;
-дәрі-дәрмектер;
-тұрмыстық заттар.

Еске саламыз: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.

Анықтама үшін:
+7 (747) 390 - 12 - 87 - Бибігүл Меңдіғалиқызы
+ 7 (747) 179 - 71 - 90 - Жанар Асылбекқызы