Қазіргі уақытта еріген суларды сорып алу және тасқынға қарсы тұруға 85-тен астам өтініш түсті

Қазіргі уақытта еріген суларды сорып алу және тасқынға қарсы тұруға 85-тен астам өтініш түсті
Қайырлы күн!
Қазіргі уақытта еріген суларды сорып алу және тасқынға қарсы тұруға 85-тен астам өтініш түсті.
Бүгінде жағдай шиеленісіп тұр. Жауын-шашынның (жаңбыр) салдарынан көшелерді су басып, су тұрғын үйлерге жақындады.
Қазіргі уақытта қызыл аймақта:
*Мичурино ауылында: Жүсіп к., Школьная к., Октябрьская к., Қ.Аманжолов к., Лесная к.*
*Асан ауылында: Сәтпаев к., Байтұрсынов к., Айтматов к., Мирная к., Молодежная к., Рабочая к.*
Қалған көшелерде су жол бойына жиналып, еріген суды сорып жатырмыз.
Қазіргі уақытта 4 ассенизатор техникасы, 4 мотопомпа, 23 штаб қызметкері жұмылдырылды.
Сондай-ақ Асан ауылында тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін және бөгет жарылып кетпес үшін, Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп, 15 адамнан тұратын ТЖҚ жеке құрамы еріген сумен күресуде.
Бүгінде жағдай бақылауда. Барлық өтініштер қабылданып, нөмір бойынша жазылады. Ал Біз мүмкіндігінше су сору жұмыстарын жүргіземіз.
Барлығынан сабырлық танытуды сұраймын. Барлық мекен-жайларға барып, су сору жұмыстарын жүргіземіз.