Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазір өздеріңіз біліп отырғандай ауыл аймақтарда көшелерді еріген қар суынан тазарту жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр.
Ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап көктемгі су тасқынына қарсы штаб құрылды. Күні – түні осы жұмыстың басында біздің мамандар мен ауылдық округ әкімдері жүр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 31 ассенизатор және 100 - ге жуық ауыр техника жұмысқа тартылды, одан бөлек 38 мотопомпа таратылды.
Қауіп төнген аймақтарда тұрғынүйлерді су басудың алдын алу үшін 780 тонна құм сатып алынып, 4500 қап құм қапталды. Сонымен қатар, резервте аудан кәсіпкерлерімен 2100 тонна инерттік материалдар дайындалды.
Бүгінгі және алдағы күндері аудан аумағында жаңбыр күтілуде, еріген дала суларынан елді мекендер мен бау-бақшаларға қауіп төнуі мүмкін. Өзен - көлдердегі су деңгейі құзырлы мекемелердің үнемі бақылауында.
Ауыл тұрғындарын, артық алаңдатушылық тудырмай әр жағдайға сақтықпен қарап, қауіп төнген жағдайда ауылдық округ әкімдіктеріне дер кезінде хабарлауды сұраймыз.
Аудан аумағында су тасқынының алдын алу үшін барлық шаралар қабылдануда.