Наурызнама тұрғынамасы аясында белгіленген 16 наурыз – мәдениет және салт-дәстүр күніне орай Переметный ауылында осындай атаумен мерекелік халық серуен ұйымдастырылды.

Биылғы Наурыз мерекесі Рамазан айымен тұспа-тұс келген соң мерекелік іс-шараның шымылдығын халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі «Жарапазан» жырымен ашып, Жаңа Қазақстанмен жаңарып келген жыл басымен жиналғандарды құттықтады. Сонан соң сахнаға таяуда ғана құрылған «Айсұлу» жас келіндер клубының мүшелері шығып, өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік іс-шара барысында көне заттар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, соның ішінде «Бауырсақ пати», кітап көрмелері, жәрменке ұйымдастырылды. «Ақ ниет» әжелер ансамблінің мүшелері халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жөнінде шеберлік сабақтарын өткізді. «Алтын орда» этноауылында өткен садақ, асық ату, күш сынасу сынды ұлттық ойындар мерекелік іс-шараның шырайын аша түсті.