
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тапсырымен су тасқыны кезеңі кезінде өзендердегі кептелістерді алдын алу мақсатында Бәйтерек ауданының аумағындағы бірқатар өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Мұз жару жұмыстары Мичурин, Садовый, Ақбидай, Белес, Зеленый, Аманат елді-мекендерінің қасындағы өзендерде өткізілді.