Ардақты аналар, аяулы апалар, қымбатты қарындастар!

Ардақты аналар, аяулы апалар, қымбатты қарындастар!
Ардақты аналар, аяулы апалар, қымбатты қарындастар!
Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, атқан таңның ажарындай нұрлы кейіпті, тұла бойына сұлулық тұнған Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Сіздерді мейірімділік пен тыныштықтың, адамгершілік пен адалдықтың ұйытқысы болып табылатын асыл жандар деп білеміз әрі құрмет тұтамыз. Халқымыздың бүгінгі күнге аман-есен жетуіне, ұлт болып ұйысып отыруына қосқан үлестеріңіз үшін айтар алғысымыз зор.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталды. Егемен елімізде жыл өткен сайын әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды әрі басым бағыттарының бірі.
Қазіргі таңда қоғамның түрлі саласында қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігі мен әлеуеттін, танымы мен талғамын аямай еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатары артып келеді. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуда ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – ел мақтанышы.
Қымбатты ханымдар!
Осынау тамаша мереке Сіздерге әрдайым қуаныш сыйлап, жүздеріңіз жайнап, айналаңыз шуаққа бөлене берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, амандық тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Марат Тоқжанов