Алғыс айту күні - ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтың киелі шаңырағына айналған қазақ жеріне деген ризашылық белгісі. Айтулы мерекеге орай Бәйтерек ауданында “Ел тірегі - тіл” тақырыбында фестиваль оздырылды. Ұлтты ұйыстырушы фактор ретінде
мемлекеттік тілге құрмет білдіруді мақсат еткен шарада аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Ахметжанов ізгі тілегін арнады. Елге, мемлекеттік тілге, Отананаға деген сүйіспеншіліктен туған әндер шырқалып, ақжарма тілек арналған шарада аудан өнерпаздары мен қатар “Достық-Дружба”, “Ақниет” әжелер, “Калинушка” орыс, “Риченька” украин ансамбльдері өнер көрсетті. Сондай-ақ, “Еркеназ” би ансамблі биден шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді.