Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды

Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің  сайлауы тағайындалды

Бүгін Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясында Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай отырыс өткізілді. Отырысқа аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы мен аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінің өкілдері қатысты. Комиссия отырысында Егіндібұлақ сайлау округі құру туралы және  Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 7 сәуірге тағайындау туралы комиссия шешімдері қабылданды. Ауылдық округ әкімі сайлауын тағайындау шешіміне сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

2024 жылдың 29 ақпаны мен 12 наурызы сағат 18.00-де аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдайды, сонымен қатар кандидаттарды тіркеуі ағымдағы жылдың 17 наурызы сағат 18.00-де аяқталады.

2024 жылдың 17 наурыздан сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2024 жылғы 6 сәуірде 00.00 сағатта аяқталады.

Ауылдық округ бойынша бір учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.