Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Жеңіс” саябағында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған монументте гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Жеңіс” саябағында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған монументте гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Жеңіс” саябағында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған монументте гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шарада ауған даласынан оралмаған жерлес жауынгерлер рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Гүл шоғын қою шарасына ауған соғысы ардагерлері, Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі мен мәслихат депутаттары, жергілікті әкімдік қызметкерлері, коғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері, барлығы 120 адам қатысты.
Іс-шараның екінші бөлігі аудандық мәдениет үйінде «Ауған жауынгерлеріне құрмет!» атты іс-шарамен жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев бүгінгі атаулы шараның ауқымы кең, маңызы жоғары екенін айтты. Соғысты көзбен көрген ардагерлердің бүгінгі ұрпаққа берер тәлімі мол екеніне тоқталды. Салтанатты шарада бүгінгі күні ауданда тұрып жатырған Ауған соғысы ардагерлеріне кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл толуына арналған арнайы медальдар табысталды. Ардагерлер арасынан сөз алған Каверин Андрей майдандас жолдастарын еске алып, бүгінгі бейбіт күннің бағасы жоғары екенін атап өтті. Өздері көрген зұлматты жылдарды қазіргі ұрпақтың көрмеуін тіледі.
Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері шырқаған әуезді әндер де жиналғандарды бейжай қалдырған жоқ.
Іс-шараның үшінші бөлігі аудандық білім беру бөлімі мен Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас батыр» әскери-патриоттық жарысы өткізілді. Жарысқа барлығы 14 мектептен 60-қа жуық оқушылар қатысты. Мақсаты - Әскери қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау. Жеткіншек ұрпақ арасында отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру. Барлық жарысқа қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
«Жеңіс» кинотеатрында Борис Керімбаев туралы «Паншер патшасы» деректі фильмі көрсетілді. Жалпы, деректі фильмді тамашалауға келген көрермен қатары қалың болды.