Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер АУҒАННЫҢ.
1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынының бір басында жатқанына да 35 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.
Бәйтерек ауданының ОКЖ Аудандық кітапханасында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына орай «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өткізілд