Бүгін шектелген Кеңес контингентінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 толуына орай Янайкин ауылдық клубында аудандық фестиваль өтті.

Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, интернационал жауынгерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етуді мақсат тұтқан фестиваль Ауған жауынгерлерінің құрметіне арналған ескерткіш белгінің салтанатты ашылуымен басталды. Ауған соғысында құрбан болған жерлес жауынгерлер рухына арналған белгі тақтаға гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Шараның жалғасы ауылдық клуб сахнасында, ауған әндері концертімен жалғасты. Әр ауылдан жиналған өнерпаздар Ауған әндерін шырқады.
Концерт соңында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев құттықтау сөз сөйлеп, ән фестиваліне қатысушылар мен Ауған ардагерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.