Бәйтерек ауданының мәдени- демалыс орталығына қарасты Қайнар ауылдық клубы Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай және тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік борышын атқарған қазақ батальонының шығарылғанына 23 жыл толуына байланысты «Оқ пен оттың ортасынан оралғандар» атты кездесу кешін өткізді.
Кездесуге ауған соғысы және тәжік-ауған ардагерлері «Ауған соғысының жауынгерлері мен мүгедектері ұйымы» ҚБ Бәйтерек ауданы бойынша төрағасы А.Н. Каверин және жауынгерлер И.Г. Грецкий, В.В. Мильченко, Ж.И. Майкенов, М.Б. Бегман, Н.В. Тоқсанов, Т.У. Сейтказиев қатысты.
Шара ауған соғысының тарихымен басталып, Отан үшін от кешкен жерлестеріміз бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Ұйымдастырушылар Ауған соғысы туралы деректі бейнефильм көрсетті. Әрі қарай Бәйтерек аудандық маслихат депутаты Фархад Жалмурзин ардагерлерді мерекемен құттықтады. Сондай ақ ауылдық кітапханашы Р.С. Досмухамбетова «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кең көлемді кітап көрмесін жасақтап, таныстырса, ал АӘД пәнінің мұғалімі А.У. Исмагулов және оқушылар автоматты бұзып, құрылыс, қоян-қолтық ұрыс қимылдарын көрсетті. Келген қонақтарға ауылдық клубының көркемөнерпаздары өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.