Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 ақпанда-Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті

Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 ақпанда-Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 ақпанда - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күніне 4 миллион 560 мың теңге сомаға 46 адамға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті, оның ішінде: 44 қатысушы мен 1 мүгедектігі бар адамға сомасы 4 миллион 500 мың теңге, басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдары кезінде жараланып, қайтыс болған 1 әскери қызметкердің отбасына 60 мың теңге көмек аударылды.
Сондай-ақ, 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың 2023 жылғы 11 қазандағы хатына және Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы №21 қауласына сәйкес, 46 адамға 4 миллион 600 мың теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
46 адамға төленетін төлемдердің жалпы сомасы 9 миллион 160 мың теңгені құрады. Осылайша жауынгерлерге барлығы 200 мың теңге көлемінде бір жолғы көмек көрсетілді.