ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті аудан жастарымен кадр резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті аудан жастарымен кадр резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департементі кадр резервіне іріктеуге қатысты ақпараттық- түсіндіру бойынша Бәйтерек ауданының жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ахметжановтың төрағалығымен өтті.
Жиынға аудан, бөлім, округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері және аудан жастары онлайн форматта Zoom платформасы арқылы қатысты. Кездесуге Департамент басшысының орынбасары А.Ардаққызы кезекті іріктеудің мақсатына, талаптарына тоқталды. Кездесу соңында Б.Ахметжанов жастарды іріктеуге белсене қатысуға шақырды.
Еске сала кетейік, іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1-31 наурызға дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Толық ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан біле аласыздар