Бәйтерек аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

Бәйтерек аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді
Бәйтерек аудандық соты 16 ақпан 2024 жылы сағат 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін Переметное ауылының Мәдениет үйі ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету үшін «Ашық есік күнін» өткізеді.
Жұмысқа сот төрағасы, аудан прокуроры, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысады.
Аудан тұрғындарын азаматтарды ашық қабылдауға келіп, өздерінің сұрақтарын қоюға шақырамыз.