Сайлау жүйесінің өткені, бүгіні, келешегі!

Сайлау жүйесінің өткені, бүгіні, келешегі!
Сайлау жүйесінің өткені, бүгіні, келешегі!
Бүгін Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. «Сайлау жүйесінің өткені, бүгіні, келешегі!» тақырыбында өткен шараға комиссия мүшелері мен сала ардагерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Жолдасқалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Халденов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өтешев, «Аmanat» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Б.Ахметжанова, «Сенімді болашақ» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Айтпаев және №155, №156, №157 сайлау учаскелерінің төрағалары қатысты.
Басқосуда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, азаматтардың демократиялық таңдауын жүзеге асыратын сайлау үдерісінің заңдылықтарына тоқталды. Одан әрі сөз алғандар сайлау туралы Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың маңызын тоқталып, Жаңа Қазақстанның демократиялық қадамдарын талқылады. Басқосуда спикерлер әлем елдеріндегі сайлау өткізудегі озық тәжірибелер жайында да сөз етті.