Переметный ауылының Аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихаттың 10 кезекті сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Л. Тоқжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, аудандық қоғамдық кеңес және жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Күн тәртібінде Бәйтерек ауданы мен ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы шешімнің жобалары қаралды. Мәслихат төрағасының атқарылған жұмыс және бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі туралы есептері тыңдалды.
Сессияның күн тәртібіндегі 35 мәселе қаралып, 32 мәселе бойынша шешім қабылданды.
Махамбет ауылының, Макаров ауылының және Володар ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарлары шешімдерінің үш жобасы бекітілмеді, және пысықтауға жіберілді.