
2020 жылғы 29 мамырда аудан әкімі Марат Тоқжанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес Краснов, Сұлукөл ауылдық округтері әкіміне үміткерлерді жергілікті қауымдастық өкілдеріне таныстырды. Округ әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлердің еңбек жолына тоқталған ол талапқа сай округ тұрғындары да өз кандидаттарын ұсына алатынын ескертті.
Кездесуде жергілікті қауымдастық өкілдері қолдайтын кандидаттары туралы пікір білдіріп, мәслихат депутаттарына ұсыныс жасады. Аталмыш округ әкімдерін сайлау 2020 жылғы 25 маусымға белгіленген. Енді әр кандидат өз жоспарларын мәслихат депутаттары алдында қорғайтын болады.