Өткен дүйсенбіде аудандық “Шың” сазды -драма театры көрерменге жаңа драмасын ұсынды.

Өткен дүйсенбіде аудандық “Шың” сазды -драма театры көрерменге жаңа драмасын ұсынды.
Өткен дүйсенбіде аудандық “Шың” сазды -драма театры көрерменге жаңа драмасын ұсынды. Қазақ қоғамының ең өзекті мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлық тақырыбына жазылған Сая Қасымбектің “Қол” абсурд драмасын тамашалауға аудандағы әр саладағы мемлекеттік қызметшілер шақырылды. Қойылымды облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз бен аудан әкімі Марат Тоқжанов арнайы тамашалады. Адамды жемқорлыққа азғырып, өмірден оңай жол табуға итермелейтін Сол қол мен пендені адасудан қорғайтын, адалдыққа үндейтін Оң қолдың өзара тайталасы, екі қолының шармасуынан шаршаған, өз басын қауіптен арашалауға шарасыз күйге түскен Адам пенденің абыржыған күйі көрерменін бей-жай қалдырмайды. Абсурд дүние болғандықтан түйінді шешімді қабылдауды өзімізге қалдырған драма адалдық шырағын жақты деп ойлаймын.
Қойылым соңында сахнаға көтерілген Нұрділдә Серікұлы әу бастан қанымызда жоқ жаман әдеттің бүгінде қоғамға дендеп кетуіне тосқауыл қоюдың маңыздылығына тоқталып, залда отырған мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласы мамандарын адал қызмет етуге шақырды. Кейін сөз алған Марат Лұқпанұлы театр ұжымына ықылас гүлін ұсынып, мазмұны терең тақырыпты қозғаған әртістерге ризашылығын білдірді.
Нұржан Дүзбатыр,
Әдеп жөніндегі уәкіл