Құрметті аудан тұрғындары! Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті аудан тұрғындары! Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті аудан тұрғындары!
Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы. Бұл күн тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуде.
Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың тәуелсіздік жылдарында бағындырған белестері аз емес. Мұнда Батыс Қазақстан облысының экономикасына тірек, ауыл шаруашылығына негіз болып отырған Бәйтерек ауданының ел дамуында өзіндік орны бар. Бұл бақытын еңбектен іздеген, берекеге ұйыған жерлестеріміз – сіздердің әрбіріңіздің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі екені анық.
Ендеше алдағы күнде де Жаңа Қазақстанды құру жолында бірлік-берекеміз жарасып, көк Туымыз әрқашан биікте асқақ желбіресін! Әр отбасына татулық, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Құрметпен, аудан әкімі Марат Тоқжанов