ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
⭐ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ⭐
🔹️Қоғамның ең ірі әлеуметтік тобы болып саналатын ел жастарына жан-жақты көмек көрсету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Мемлекеттің негізгі қозғаушы күші ретінде жастарға артылатын жауапкершілік жүгі қандай болса, қолдау мен берілетін мүмкіндік те дәл сондай аса маңызды мәселе.
🔹️Дәл осы мақсатта ауданымызда жастарды белсенділікке, ұйымшылдыққа шақырып, аудан, облыс, республика көлемінде үздік жетістіктерге жетіп жүрген жастарымызға ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Арна” мейрамханасында «Жыл үздігі» номинацияларын тапсыру салтанаты өтті.
🔹️Спорт, білім мен өнер, ауыл шаруашылығында топтың алдына түсіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген жастарды танытып, еңбектерін көпке үлгі ету мақсатында оздырылған кешке аудан әкімі Марат Тоқжановтың өзі келді. Салтанатты жиында аудан әкімі Марат Тоқжанов өз салалары бойынша үздік атанып, еңбегімен, отаншылдығымен танылған түрлі сала өкілдерін құттықтады.
🔹️Дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш байқау он екі аталым бойынша оздырылды. Оған 70-ке жуық өтініш келіп түскен. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған үздіктерді мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құрылған арнайы комиссия анықтаған.
🔹️Бір айдан астам уақытқа созылған байқау қорытындысында
🌟Людмила Юрьевна «Үздік жас ұстаз»
🌟Дана Нұрланқызы «Үздік жас өнерпаз»
🌟Ернар Мутиғуллаұлы «Үздік жас кәсіпкер»
🌟Полина Алексеевна «Үздік жас оқушы»
🌟Данат Тимурұлы «Үздік спортшы»
🌟Альмира Асхатқызы «Үздік жас дәрігер»
🌟Павел Владимирович «Үздік жас ауыл шаруашылық маманы»
🌟Ләззат Ниетбайқызы «Үздік жас кітапханашы»
🌟Лунара Бауыржанқызы «Үздік волонтер»
🌟Асқар Қожасұлы «Үздік жас құқық қорғау қызметкері»
🌟Ерлан Маратұлы «Үздік шекарашы»
🌟«Бәйтерек» тынымбағының ұйымдастырушылары «Жыл жаңалығы» аталымдарына ие болды.
Қызметке деген құрметі жоғары, адал еңбекпен жемісті күнге жеткен әр сала үздіктерін және 5 желтоқсан Еріктілер күніне орай облыс әкімінің атынан алғыс хатқа ие болған ауданымыздың белсенді волонтері Тулеби Болатұлының марапаттарын аудан әкімі Марат Тоқжанов табыс етті.