Көңілайту жеделхаты Белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының ардақты азаматы Нәжімеден Ықсанұлының қазасын ауыр күйзеліспен қабылдадық.

Көңілайту жеделхаты Белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының ардақты азаматы Нәжімеден Ықсанұлының қазасын ауыр күйзеліспен қабылдадық.
Көңілайту жеделхаты
Белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының ардақты азаматы Нәжімеден Ықсанұлының қазасын ауыр күйзеліспен қабылдадық.
Тағдыршешті сәттерде елдің сөзін айтатын абыз ағаның өмірден өтуіне орай отбасы, жақын-туыстарының қайғысына ортақтасып, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жұртшылығы атынан көңіл айтамын.
Нәжімеден Ықсанұлының ұстаздық қызметтен бастап көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық қалаулысы, дипломат қызметіне дейін өсу жолы тұтас бір дәуір еді. Қандай қызметте де жүрсе де ұлт қадірін әспеттеп, әділдік жүзінен таймайтын. Ұлт зиялысының жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталып, таным биігінде қала бермек. Фәни ғұмырында халқын құрметтеудің, адалдықтың ерекше үлгісін көрсеткен жанның өнегелі жолын ұрпақтары мен шәкірттері жалғастыра береріне сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта болсын. Отбасы, тума-туыстарына қайғырып көңіл білдіреміз.
Бәйтерек аудандық әкімдігі, аудандық мәслихат депутаттары дәне аудандық ардагерлер кеңесі