Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері! Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!  Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!   Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Ауыл біздің қара шаңырағымыз, дәстүрлі шаруашылықтың асыл қазығы, әрі ел өмірінде ерекше орын алатын салалардың бірі екені баршамызға аян. ҚР Президенті Қ.Токаевтың «ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет»,- деген болатын. Еліміздің басты мақсаттарының бірі әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін қажырлы еңбек атқару.  Бұл орайда Бәйтерек ауданы облыстық тамақтану белдеуінің негізгі күші. Биыл біздің шаруаларымыз 150844,3 гектар дәнді дақылдар жинаса, орташа өнімділігі – 11,8 ц/га құрап отыр, барлығы алынған өнім – 177558,2 тонна. Ауылды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету - бүкіл елімізді дамыту деген сөз. Бүгінде ауылдық округтерімізде шағын және орта бизнес саласы, егін және мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Осы сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бәйтеректіктердің тұрмысы, әлеуметтік жағдайы жылдан жылға жақсара түсуде. Халқымыздың мерейі асқақтап, көкірегі қуанышқа толды. Құрметті ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс және баянды бақыт тілеймін. Еселенген еңбектеріңіз одан әрі жанданып, тәуелсіз мемлекетіміздің жедел қарқынмен дамуына ортақ үлесімізді қоса берейік! Тәуелсіз Отанымыз өркендей берсін! Құрметпен, аудан әкімі Марат Тоқжанов