Аудан әкімінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Халденов Бағдат Бибетұлы тағайындалды. Бағдат Халденов – 1991 жылы 13 қаңтарда Ақжайық ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009-2013 ж. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында білім алған.
Еңбек жолын 2013 жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімі қызметінен бастаған.
2014-2016 ж.ж. БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы «ЮНИКК» ЖШС бетоншы;
2016-2017 ж.ж. Бәйтерек ауданы, Переметный ауылдық округі әкімдігінің аппаратында статист;
2017-2018 ж.ж. Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында» кеңесші маман;
2018-2019 ж.ж Бәйтерек ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау жұмысы бөлімінде бас маман;
2019-2020 ж.ж. Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2020 жылдың 2 маусымынан 1 қазанына дейін Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, 2020 жылдың 1 қазанынан күні бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келген.
Отбасылы. Шаңырағында 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.