
Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов ауданның мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Шағын басқосуда өнер саласының өрлеуіне ерекше үлес қосқан тұлғаларға марапат табыстап, құрмет білдірді.
Сондай-ақ ұлттың мәдениетін насихаттап, өнерін дәріптеуде аянбай еңбектенетін талант иелеріне облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов пен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мейірбек Нүркеннің мерекелік алғыс хаттары табысталды.