Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

2020 жылғы 21 мамырда аудан әкімі Марат Тоқжанов Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, конкурстық комиссия отырысының 2020 жылғы 14 мамырдағы №30 хаттамасы негізінде аудан әкімі М.Тоқжановтың өкімімен Рахметов Радим Қадемұлы Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Рахметов Радим Қадемұлы 1974 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары

1997 ж., Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін экономист, 2001 ж., Орал басқару және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1993-1997 жж. Казталов ауданы қаржы бөлімінің аға экономисі;

1997-1999 жж. Казталов аудандық ауруханасы бас дәрігердің экономика саласындағы орынбасары;

2002-2005 жж. Казталов аудандық соттың кеңсе меңгерушісі;

2009-2016 жж. Жеке адвокат, нотариус;

2016-2017 жж. Казталов аудан әкімі аппаратының бас инспектор;

06.2019-11.2019 ж Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің құқық мәселелері жөніндегі бас инспекторы;

11.2019-05.2020 жж Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, округ әкімі;

21.05.2020 ж. Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;