Бәйтерек ауданы, Калинин ауылы Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Қазақ күресінен «Жас барыс» республикалық турниріне облыстық ірітеу жарысы өтті.

Бәйтерек ауданы, Калинин ауылы Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Қазақ күресінен «Жас барыс» республикалық турниріне облыстық ірітеу жарысы өтті.
2023жылдың қараша айының 7-8 күндері аралығында Бәйтерек ауданы, Калинин ауылы Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Қазақ күресінен 2008-2009ж.т кіші жасөспірімдер, 2006-2007ж.т жасөспірімдер және 2003-2005ж.т жастар арасында «Жас барыс» республикалық турниріне облыстық ірітеу жарысы өтті.
Жарысқа БҚО 12 ауданы және Орал қаласы қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына Бәйтерек ауданы әкімнің орынбасары Ерлан Ерсайнұлы Галиев, БҚО қазақ күресі Ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы және Бәйтерек ауданының қазақ күресі федерациясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Қажымұратұлы Хайруллин құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.
Жарыстың бірінші күнінде 190 палуан қатысқан болса, екінші күнінде 129 палуан бақтарын сынап, үздіктері жүлделі орындарға ие болды.