Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері!
Сіздерді алдағы жексенбі 29-қазан күнгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әлеуметтік қызметкер – басқаның басындағы мәселеге бей-жай қарамайтын, жүрегі мейірімді мәртебелі мамандық иелері. Бұл мерекені атап өту адамға адамның жылылығы, қамқорлығы қажеттілігін еске салатын жақсы дәстүрге айналды. Сіздің қазіргі өмірдегі қызметіңіз, жылдар бойы, әр күн сайын орындайтын асыл миссияларыңыз – қашанда зор құрметке лайық.
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Әрқашан аман-сау болып, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын.
Кәсіби мереке құтты болсын!
Игі тілекпен, аудан әкімі Марат ТОҚЖАНОВ