Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары! Сіздерді басты ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары! Сіздерді басты ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!
Сіздерді басты ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан-халқымыздың өміріндегі айтулы күн. Бұл Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасу күні. Біздің еліміз тұрақтылықтың, келісім мен әл-ауқаттың үлгісі болып табылады. Қазақстанда өз ісіне және туған жеріне берілген, өздері және жақындары үшін жақсы болашаққа ұмтылатын еңбекқор, білімді адамдар тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев бұл мереке ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздікті бейнелейтінін және терең тарихи мәні бар мейрам екенін бірнеше рет атап өтті. Биыл мерекенің кеңінен тойлануы бұған дәлел.
Қазақстан Республикасы әр тұрғынымен бірге дамып, өркендеп келе жатыр. Біздің еңбек адамдарымыз өз салаларында үлкен жетістіктерге жетуде. Ауданымызда бизнес, сауда, ауыл шаруашылығы салалары ең озық болып табылады.
Біздің ортақ істеріміздің арқасында біз алға жылжудамыз. Егер барлық күш-жігерімізді мемлекет пен халықтың мүдделеріне жұмылдырсақ, оларды бәрінен жоғары қойсақ айқындалған мақсаттарға қол жеткіземіз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық, бейбіт аспан, сарқылмас қуат және туған еліміздің гүлденуі үшін жасаған әр ісіңізге табыс тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов