
Бәйтерек ауданының кейбір
елді мекендерінің шекарасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының (1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңы негізінде Бәйтерек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бәйтерек ауданының Забродин, Переметный, Поливной, Жайық, Володар, Трекин, Красноармейский, Январцев, Дариян, Озерный, Мирный, Чиров, Сұлукөл, Котельников, Шалғай, Егіндібұлақ, Чеботарев, Раздольный, Красный Урал, Достық елдімекендерінің шекаралары белгіленсін:
1-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 106,8904 гектар Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Забродин елдімекені;
2-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 1527,6753 гектар Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный елдімекені;
3-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 117,1080 гектар Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Поливной елдімекені;
4-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 87,83 гектар Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық елдімекені;
5-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 251,0238 гектар Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Володар елдімекені;
6-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 612,9399 гектар Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Трекин елдімекені;
7-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 142,19 гектар Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Красноармейский елдімекені;
8-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 247,64 гектар Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Январцев елдімекені;
9-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 1821,0313 гектар Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі Дариян елдімекені;
10-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 124,13 гектар Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі Озерный елдімекені;
11-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 70,08 гектар Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Мирный елдімекені;
12-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 116,2915 гектар Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округі Чиров елдімекені;
13-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 188,2205 гектар Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылдық округі Сұлукөл елдімекені;
14-қосымшаға сәйкес жалпы көлемі 110,04 гектар Бәйтерек ауданы Краснов ауылдық округі Котельников елдімекені;
15-қосымшаға сәйкес жалпы көлемі 325,9006 гектар Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Шалғай елдімекені;
16-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 152,5348 гектар Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ елдімекені;
17-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 124,9547 гектар Бәйтерек ауданы Чеботарев ауылдық округі Чеботарев елдімекені;
18-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 139,5718 гектар Бәйтерек ауданы Раздольный ауылдық округі Раздольный елдімекені;
19-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 46,2402 гектар Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Красный Урал елдімекені.
20-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 335,6405 гектар Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Достык елдімекені.
2. Бәйтерек аудандық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі
Аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы