ЖАС ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор. Осындай құрметті мамандық иелеріне арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша “Болашақ” КҚ-ның ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концерттен кейін Бәйтерек ауданы жастарымен Орал қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен зияткерлік сайысы
өткізілді. “Қазақша Quiz” тақырыбы таңдалған додада ауданымыздағы мектептердің жас ұстаздары бой көрсетті.

«Жауап», «Біз білетін өлең», «Тұлғаны тап», «Кино көрем», «Бәс» барлығы 5 кезеңнен тұратын зияткерлік сайысқа 11 команда қатысып 50-ге жуық мұғалім бақ сынады.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі

Қасым қырандары (Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ)

Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ ұстаздары

Ұшқын жас ұстаздар (Мичурин МББҚ) ие болды.

Білім бәсекесіне қатысқан барша қатысушы командаларға аудан әкімі М.Тоқжановтың атынан арнайы алғыс хат табысталды.

Еңбегі өлшеусіз, ізгі қоғам тәрбиелеуде өзін де, уақытын да аямайтын ұстаздардың еңбек жолына сәттілік тілейміз!