Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов ауданымыздағы білім беру саласына елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз Райса Ғабдуллақызының шаңырағына барып, Ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім берген білім саласының ардагерлерін құрметтеу – басты парыз.
Райса Ғабдуллақызы 1999 жылдан бастап аудандық білім беру саласында қызмет етіп, бүгінгі күні ауданымыздағы зейнетке шыққан ардагер ұлағатты ұстаз.
Аудан әкімі ардагер ұстазға мерекелік ыстық ықыласы мен тілегін білдіріп, ауданның білім саласына сіңірген еңбегі үшін үлкен алғысын білдірді.
Өз кезегінде ардагер ұстаз қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, аудан әкіміне жылы лебіздерін білдірді.